Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Мәскеудегі терактіге күдікті ретінде 4 Тәжікстан азаматы ұсталды

Мәскеудің Басманный аудандық соты «Крокус сити холл» концерт залында 22 наурызда теракт жасады деген күдікпен Далерджон Мирзоев, Саидакрам Рачабализода, Шамсидин Фаридуни және Мухаммадсобир Файзов есімді 4 адамды тұтқындау туралы шешім шығарды.

Бұл туралы Мәскеу соттарының баспасөз қызметі хабарлады. Sota-ның мәліметі бойынша, тұтқындалғандардың бәрі Тәжікстан азаматы.

Оларға топ болып террорлық акт жасады деген айып тағылды (Ресей Қылмыстық кодексінің 205-бабы, 3-тармағы, «б» пункті). Бұл бап бойынша 15 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Терактіден қаза болғандар 137 адамға жетті. 180-дей адам түрлі жарақат алды.

Еске салса, Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласында орналасқан "Крокус Сити холл" концерт залында қаруланған белгісіз біреулер адамдарға оқ жаудырған.

Әлемнің көптеген елдері шабуылды айыптап, Ресей азаматтарына көңіл айтты. Оның ішінде Қазақстан да бар.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала