Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Сенатор «Ассамблея не істеп жатыр» дегендерге жауап берді

Фото: ҚХА

Қазақстан халқы Ассамблея мүшелері судан зардап шеккен облыстарға «Жүректен жүрекке» акциясы аясында 227 тонна гуманитарлық көмек жіберді, 277 миллион теңге жинап, қаржылай көмек көрсетуде. Бұл туралы Сенат депутаты Геннадий Шиповских  өзінің желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Ulys.

«Соңғы кезде түрлі бейне және жазба материалдарды көріп аң-таң болып жүрмін! Мысалы Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқыны кезінде қайда? Ассамблея не істеп жатыр? Ассамблея керек емес, Ассамблея қандай көмек беріпті? Деген пікірлер көбейіпті! Ол дұрыс емес ағайын! Қазақтың жақсы сөзі бар “ Жақсының жақсылығын айт-нұры тасысын” деген! Елімізде қайғылы жағдай орын алған сәттен бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек беру үшін, арнайы Республикалық штаб құрып, одан әрі қарай өңірлерде штабтарды құрып гуманитарлық көмек беру бойынша жұмысты үйлестіре бастады. Қазір біздің Ассамблея жанындағы “Ассамблея жастары” ұйымының еріктілері барлық су басқан облыстарда көмектерін көрсетіп жатыр! Егерде жалпылама айтатын болсақ бүгінгі күнге дейін Ассамблея мүшелері судан зардап шеккен облыстарға “Жүректен жүрекке” акциясы аясында 227 тонна гуманитарлық көмек жіберді, 277 миллион теңге жинап, қаржылай көмек көрсетуде», - деді сенатор.

Сонымен қатар ол өңірлерде 10 мыңға жуық еріктілер зардап шеккен азаматтарға,құтқарушыларға, әскери қызметкерлерге,құрылысшыларға өз көмектерін беріп жатқаны туралы айтты.

«Қадірлі ағайын Ассамблея үнсіз отыр, Ассамблея ештеме жасап жатқан жоқ деп айту дұрыс емес деген ойдамын. Айтпақшы әлеуметтік желіде жалған ақпарат өте көп, мысалы Ассамблеяға қырып ақша бөлінеді, Ассамблея бюджетке қарап отыр деп. Достар бұл таза миф! Барлық көрсетіліп жатқан, жоғарыда аталып өткен Ассамблея тарапынан берілген көмек жайында айтатын болсақ, бұл Ассамблея жанындағы түрлі кәсіпкерлер, меценаттар және этномәдени бірлестіктердің көмегі! Аман болайық достар! Күшіміз бірлікте!», - деп толықтырды Геннадий Шиповских өз сөзін.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала