Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Алматы қаласы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары мен аппарат басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Ulys әкімдікке сілтеме жасап.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Бейбіт Шаханов тағайындалды.

Бейбіт Шаханов 1979 жылы туған. Абылай хан атындағы Қазақ Мемлекеттік Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін; Қазақ мемлекеттік заң университетін; Қазақ коммерциялық-қаржы академиясын; Ланкастер университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің монополияға қарсы заңнаманың сақталуын бақылау департаментінің жетекші маманы қызметінен бастаған.

Әр жылдары Қаржы министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде басшылық қызметтерді атқарды.

2015-2022 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, Инвестициялар және даму министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару істері комитетінде жұмыс істеді. Алматы қаласы құрылыс басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2023 жылғы мамырдан бастап қазіргі тағайындауға  дейін Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.

Сонымен қатар Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Айдар Жәкібаев тағайындалды.

Айдар Жәкібаев 1988 жылы 14 қыркүйекте Өскемен қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Бостон университетін (АҚШ) «инженер-электрик» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 2011 жылы жеке секторда бастаған. Әр жылдары «КПМГ Такс энд Эдвайзори» АҚ, ҚР Ұлттық экономика министрлігінде, ҚР Премьер-министрінің кеңсесінде, ҚР Ұлттық банкінде жұмыс істеді, ҚР Ұлттық банкі төрағасы аппараты департаменті директорының орынбасары, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі, Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2023 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала