Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Су басқан Құлсары қаласында ер адамның мәйіті табылды

Фото: atr.kz

Атырау облысы Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында ер адамның мәйіті табылды. Бұдан бөлек, құтқарушылар енді әкесі мен баласын іздеп жатыр, деп хабарлайды Ulys Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, 9 сәуірде сағат 12:27 шамасында дүкендердің бірінің жанынан ер адамның мәйіті табылды. Мәйіттің кімдікі екені әзірге белгісіз. Мәйіт полицияға тапсырырылған.

Сонымен қатар құтқарушылар ер адам мен оның ұлын төрт күннен бері іздеп жатыр. Олар 6 сәуірде су басқан үйлерін қарауға шығып кеткен, бірақ туыстарына оралмаған. Кейін олар мінген көлік табылды.

"Біз әлі іздеп жатырмыз, бірақ бүгінгі мәйіт ер адамға да, оның ұлына да тиесілі емес", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала