Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Мәскеудегі теракт: Көз жұмғандар саны 60-тан асты

Ресей тергеу комитеті Мәскеу түбіндегі "Крокустағы" терактіден 60-тан астам адам қаза болғанын хабарлады. Қаза болғандар артуы мүмкін. 100-ден астам адам жарақат алған.

60 ересек адам мен бір баланың халі нашар. Ресей денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко осылай деп мәлемдеді. Оның айтуынша, қазір “Крокус Ситидегі” терактіде жараланған 115 адам ауруханаларда жатыр.

Еске салса, кеше кеште Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласында орналасқан "Крокус Сити холл" концерт залында қаруланған белгісіз біреулер адамдарға оқ жаудырған.

Әлемнің көптеген елдері шабуылды айыптап, Ресей азаматтарына көңіл айтты. Оның ішінде Қазақстан да бар.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала