Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Ресейдегі концерт залында атыс болып, 40-тан аса адам көз жұмды

Мәскеу маңындағы Красногорск қаласындағы «Крокус Сити холл» ғимаратында белгісіз біреулер атыс жасады. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі жазды.

Бұл кезде «Пикник» тобының концерті болып жатқан. Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметі лаңкестік әрекет салдарынан 40 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланғанын хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша, оқ автоматтан атылған.  Артынша ғимарат өртке оранған.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала