Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Ресейдегі терактіге күдікті ретінде Қырғызстанда туған бір адам ұсталды

Мәскеудің Басман аудандық соты Crocus City Hall-да болған терактіге қатысты деген күдікпен тағы бір адамды ұстады. Ол Қырғызстанда туған  Алишер Касимов дейді, ТАСС агентті.

Оған Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің «террорлық акт» бабы бойынша айып тағылды.Ол қылмыскерлерге теракт жасауға көмектесті деген күдікке ілінген.

Сотта ер адам лаңкестерді танымайтынын, тек "Авито" арқылы олардың біріне Шамсутдин Фаридуниге пәтерді жалға бергенін айтты.

Касимов 2 ай қамауға алынған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мәскеудегі терактіге күдікті ретінде 4 Тәжікстан азаматы ұсталды.

Терактіден қаза болғандар 137 адамға жетті. 180-дей адам түрлі жарақат алды.

22 наурызда кешке Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласында орналасқан "Крокус Сити холл" концерт залында қаруланған белгісіз біреулер адамдарға оқ жаудырған.

Әлемнің көптеген елдері шабуылды айыптап, Ресей азаматтарына көңіл айтты. Оның ішінде Қазақстан да бар.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала