Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

Тасқынның беті қайтпады: Жайықтың суы тағы көтерілді

Фото: zhaikpress

Атырауда Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы көтеріліп жатыр, деп хабарлайды Ulys Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша 26 сәуірде сағат 8-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніне өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен оның деңгейі көтерілді. 

«Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 613 см., деңгейдің +9 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 390 см құрайды. Махамбет кентінің гидропостындағы деңгейі 728 см., тәулігіне + 7 см-ге көтерілу, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 411 см құрайды. Атырау қаласы гидропостындағы деңгейі 428см., тәулігіне + 3см деңгейдің көтерілуі. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 237 см құрайды», - деп жазылған хабарламада.

Мамандардың айтуынша, су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін. 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала