Біріккен Араб Әмірлігінде әйелін ұрып-соқты деген БАӘ елшісінің кеңесшісі Мамаш  Сәкен Қазақстанға шұғыл түрде қайтарылады, деп хабарлайды Ulys CІМ сілтеме жасап.
Бұдан бұрын әлеуметтік желіде Карина Госманқызы, БАӘ елшісінің кеңесшісі Мамаш  Сәкен Ташкенбайұлының әйелімін деп таныстырып, өзін күйеуі ұрып-соқты деп видео жариялаған болатын.

Осы оқиғаға қатысты ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі кеңесшісінің әйелінің мәлімдемесіне түсініктеме берді.

«Біз бұл қызметкерді Қазақстанға шұғыл түрде қайтарып аламыз. Бұдан әрі оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатын болады, - деді Смадияров.