Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптады

 Мемлекет басшысы терроризмді мүлде ақтауға болмайды деп санайды. Ол БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырды. Бұл туралы Ақорда хабарлама таратты.
"Президенттің тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді.Сонымен қатар Қазақстан Президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты" деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бүгін кешке Ресейдегі концерт залында атыс болып, 40-тан аса адам көз жұмды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала