Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Аралас сайлау жүйесі тиімділігін көрсете бастады

2022 жылдың 5 маусымында өткен Констиуциялық реформа еліміздің саяси және экономикалық дамуы жолында тың қадам болғаны анық. Өйткені, осы реформаның нәтижесінде Қазақстанның саяси жүйесі жаңаша жұмыс істей бастаған еді. Азаматтардың сайлау жүйесіне қатысу құқығы да біршама кеңейтілген болатын. Айталық, 2023 жылдың 19 наурызында өткен кезектен тыс Мәжіліс сайлауында ұзақ жылдарға созылған үзілістен кейін төменгі палата депутаттары пропорционалды және можаритарлық негізде жасақталды. Мұндай сайлау жүйесінің басты ерекшелігі – дауыс беру құқығы бар кез келген сайлаушының нақты бір саяси партияның бағдарламасына, сонымен қатар халықтың мұң-мұқтажын, сұранысын билікке жеткізе алатын беделді азаматқа дауыс беруі.

Сайлау нәтижесінде Мәжілістің 29 депутаты бір мандатты округтерден халықтың сенімін арқалап, заң шығарушы органның төріне озды. Олар депутат болып сайланумен қатар өзін сайлаған өңір тұрындарының көңілінен шығуы да тиіс. Олай болмаған жағдайда сайлаушылардың оның мандатын қайтарып беруін талап ету құқығы бар. Дәл осы жайт депутаттың ашық, өнімді жұмыс істеуіне, тұрғындармен сындарлы сұхбат құруына, үнемі қабылдаулар өткізіп, сайлаушылардың мұң-мұқтажына құлақ түруіне, олардың Парламент қабырғасында шешуіне күш салуына ықпал етуі қажет.

Конституциялық реформаның еліміздің сайлау жүйесіне қатысты тағы бір жаңашылдығы – сайлаушылардың 5 және одан пайыз дауысын жинаған партия кандитаттарының депутат болып сайлануы. Бұған дейін бұл меже 7 пайызды құраған еді. Соның кесірінен сайлауға түскен партиялар белгіленген межеден аса алмай, заң шығарушы ұйым сапында халыққа қызмет көрсету, қажетті заңдарды шығару мүмкіндігінен айырылатын. Ал өткен жылғы сайлауда «Amanat» партяисы, Қазақстан халық партиясы, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясымен қатар алғаш рет «Ауыл» партиясы, «Respublica» партиясы және Жалпыұлттық социал демократиялық партиясының кандидаттары депутат мандатына ие болды. Соңғы оппозициялық партияның Парламентке өтуі де талай жайтты аңғартса керек. Нәтижесінде Мәжілістегі бәсекелестік күшейді. Кез келген заңның сапалы әрі сауатты қабылдануына мән беріле бастады. Заң жобаларын қабылдау барысында шикі құжаттардың өзіне де бас шұлғып көне салу тыйылды. Тіпті, Үкімет пен Министрлер кабинетін жасақтау барысында лауазымды қызметке ұсынылған канидатқа қарсылық білдіре де бастады.

Депутаттар да батыл бола түсті. Парламент мінберінен халық толғандырған түйткілді жайттарға, сыртқа заңсыз шығарылған активтер мен қаражатты қайтаруға, ұстағанның қолында, тістегеннің ауызында кеткен жерлерді алып қоюға, ескі Қазақстанның кемшіліктерімен қатар заңсыздықтарына қатысты батыл депуаттық сауалдар жолдай бастады.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала