Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Мықты мәслихаттар дамыған қоғам кепілі

Мәслихат – халық пен жергілікті деңгейдегі билікті байланыстыратын негіз­гі көпір. Сондықтан мәслихаттың құзыретін кеңейту, мәслихат депуттарының беделін арттыру елімізде жасалып жатқан соңғы саяси реформалардың бағыттарынан туындады. Оның үстіне мәслихат жұмысын басқаша құру заман талабы болды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше жыл қатарыннан айтып келді.

«Азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берген жөн. Мықты мәслихаттар өзекті мәселелердің шешімін табуға және аймақтардағы тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ете алады. Олардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін мәслихат төрағасы лауазымын енгізген жөн», - деген еді Мемлекет басшысы 2022 жылғы Халыққа арнаған жолдауында.

Елдегі соңғы жүргізілген бірқатар саяси реформалардың нәтижесінде Мәслихат депутаттарын сайлау 2 жолмен жүзеге асты. Оның бірі – пропорционалды, яғни партия атынан ұсынылса, ал екіншісі мажоритарлық жолмен сайланды. Соңғы мажоритарлық тәсіл арқылы жергілікті жердің барлық мәселесіне қанық азамат мәслихатқа депутат бола алды. Нақтыласақ өзі туған ауылы мен халқын жақсы білетін адам  өзін кандидат ретінде ұсына алады. Ол үшін үміткердің қоғамдық ұйым мен партияның мүшесі болуы міндетті емес. Бұл дегеніміз ішкі мәселені іштен шешудің тапсырмас тәсілдерінің бірі болды. Осының нәтижесінде жергілікті жердің қыры мен сырына қанып тұлғалар мәслихатқа келіп, өзінің туған аймағы үшін жұмыс жасауға мүмкіндіктер алды.

Павлодар облыстық мәслихаты депутаты Асылбек  Туғанбай соңғы сайлаудан кейін мәслихат жұмыстары қалай өзгергені туралы Ulys тілшісіне айтып берді.

«Бұрындары мәслихаттардың диалог жүйесінен сырт қалғанын байқау қиын болмады. Сондықтан да болар Президенттің бастамасымен өткен жылы саяси конституциялық реформа шеңберінде жергілікті мәслихатты сайлау тәртіптері өзгерді, яғни бір сөзбен айтқанда олар­дың өкілеттіліктері кеңейді. Бүгін­де мәслихатқа көп мәсе­­лелер тәуелді десем артық айтқандық емес. Мәслихатқа жергілікті мәселелерді өте жақсы білетін адамдар келді. Проблеманы жақсы білетін адамдар оның шешу жолдарын да біледі деген сөз. Қазіргі кезде Павлодар облыстық мәслихатының жұмысын ауқымды ету және тиімділігін арттыру бағыттарында пилоттық жобалар жасалып жатыр. Ол алдағы уақытта өзінің нәтижесін береді деп ойлаймын»,- деді Асылбек  Туғанбай.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала