Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Жас сайлаушылар клубы - Орталық сайлау комиссиясы мен қоғам арасындағы тірі көпірге айналды

Ашық әрі тәуелсіз сайлау болған жерде де ғана қоғам ілгерлеп, дамиды. Ал дамудың, жаңашылдықтың негізгі драйвері жастар. Осыған орай 2022 жылы Орталық сайлау комиссиясының жанынан жас сайлаушылар клубы құрылған еді. Сол кезде Ортсайлауком қызметінің жаңа бағыты болып саналды және қазірде солай болып қала береді. Себебі жастар белсенді болған қоғамда өзгеріс жылдам болады. Бұл аксиома.

Клубты құрудағы мақсат - жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру. Сол бағытта жұмыла жұмыстар жасау.

Клуб жастар арасында сайлау құқықтарын түсіндіру бойынша қазіргі заманғы тәсілдерді әзірлеп, олардың сайлау процесіне қатысуының өзекті мәселелерін қарайды, жас буынның сайлау процесіне қызығушылығын арттырумен айналысады.

Негізінен клубқа жас сарапшылар мен ғалымдар, өңірлік жастар ресурстық орталықтарының, коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері  мүше бола алады.

Жалпы ОСК жанынан құрылған Жас сайлаушылар клубы Орталық сайлау комиссиясы мен қоғам арасындағы тірі көпірге айналдырды деген пікір білдірді ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров «Казахстанская правда» газетіне жыл басында берген сұхбатында айтып өтті.

«2022 жылы құрылған ОСК жанындағы тұрақты жұмыс істейтін диалог алаңдары – Сарапшылық кеңес, Жас сайлаушылар клубы қарқынды дамып келеді. Олар бірден Орталық сайлау комиссиясы мен қоғам арасындағы тірі көпірге айналды...», - деді төраға.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала