Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ҚАЗАҚСТАНҒА ҚЫТАЙ МЕН МОҢГОЛИЯДАН КӨШЕТІН ҚАЗАҚТАР КӨП

Қазақстанға қоныс аударғандардың басым бөлігі еңбекке қабілетті жаста. ҚазАқпараттың хабарлауынша бұл туралы Үкімет отырысында Көші-қон саясаты тұжырымдасын іске асыру барысын талқылау кезінде Премьер-Министрдің орынбасары–Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.

«Қазіргі геосаяси ахуал және Көші-қон саясаты тұжырымдамасының шараларын атқару нәтижесінде кейінгі 10 жылдықта алғаш рет көші-қон саласында оң үрдіс қалыптасты. Келген азаматтардың негізгі географиясы ТМД елдері, Қытай және Моңғолия мемлекеттері. Тұрақты тұруға қалған азаматтардың басым көпшілігі еңбекке қабілетті техникалық (1443 адам), экономикалық (577 адам), педагогикалық (288 адам) және медициналық жоғары білімі бар азаматтарды құрап отыр», - деді Т. Дүйсенова.

Оның айтуынша, ішкі көші-қон үрдісінде де оң өзгерістер байқалды. Жыл басынан 160 мыңнан астам тұрғын ел ішінде қоныс аударды. Бұл ретте, ірі қалаларға көш тізгінін бұрған азаматтардың үлес салмағы 40 пайыз көлемінде болған.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала