Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ЕЛОРДАДА 20 ЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ БАС ҚОСАДЫ

28-қараша күні «Отандастар қоры» және «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» шет елдердегі қазақ диаспорасының тарихи Отанымен мәдени-гуманитарлық және іскерлік ынтымақтастығын одан әрі дамыту үшін жағдай жасау мақсатындағы мемлекеттік тапсырма аясында отандастардың қатысуымен «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты Халықаралық дөнгелек үстел өткізеді.

Қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары  Б. Сапарбаев мен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Абаев қатысады. Ең басысы — халықаралық шараға 20 елдегі қазақ диаспораларынан 150 делегат келеді. «Отандастар Қоры» КЕАҚ Президенті Н. Әбіқаев Қордың іске қосқан және жүзеге асырған жобалары,  олардың нәтижелері, отандастармен жұмыстың 2020 жылға арналған жоспары жайлы сөз сөйлейді. Сонымен қатар, шет елдердегі қазақ қауымдастықтарының жетекшілері де өз ұйымдары жайлы айтады. Шара аясында дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен Қор өкілдері қызметтерінің негізгі бағыттары, оның ішінде шет елдердегі қандастармен мәдени-гуманитарлық және іскерлік байланысты кеңейту әрі нығайтуды көздеген «Отандастар» қорының негізгі жобаларының бірі «Қазақ үйі» Қазақ мәдени-іскерлік үйінің құрамына кіретін іскерлік үйлері мен мәдени орталықтарының  әлем бойынша желісін құру жоспары талқыланады. Бірлескен жұмыстың нақты ұсыныстары әзірленеді. Қатысушыларға Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мен өңірлерде бизнесті дамыту үшін жасалған жағдайлар жайында ақпарат беріледі.  «Атамекен» іскерлік үйінің панельдік сессиясында Іскерлік үйінің мақсаты мен міндеті, отандастарды консультациялық қолдау орталығының жұмысы жайлы айтылады. Шет елдерде өткізілген бизнес форумдар қорытындыланады. Түркия, Швеция, Еуропа елдерінен келген қандас кәсіпкерлер сөз сөйлейді. «ҚазАгро», «Бәйтерек» холдингтері мен «ҚазақИнвест» ҰАҚ өз тараптарынан қандас кәсіпкерлерді қолдау мүмкіндіктерімен бөліседі. Шет елдердегі қазақтілді БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтетін панельдік сессияда шет елдердегі қазақтілді БАҚ пен журналистердің өзара ынтымақтастық мәселесі талқыланады. «Абай» мәдени орталығының панельдік сессиясында мәдени орталықтың  мақсаты мен міндеті, шет елдерде қазақ мәдениеті мен өнерін дамыту, білім беру жобаларын іске асыру, елімізде туристік кластерді дамыту және еліміздің туристік тартымдылығын арттыру, барлық елде қазақ әдебиеті орталығының желісін құру мәселелері талқыланады. «Отандастар» Қорының жобасы – «Әлемдегі танымал қазақтар туралы» кітабы мен «Мұзбалақ» анимациалық фильмі таныстырылады. «Жас Қазақ» жастар клубының панельдік сессиясында шет елдердегі қазақ жастарын тарихи Отанын айналасына шоғырландыру және оларға жан-жақты қолдау көрсету,  диаспоралық және жастар саясаты саласындағы өзара әрекеттестік және серіктестік аясын кеңейту, жас белсенділерді таныстыру, достығын нығайту,  олардың бойында тарихи Отанына деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының барлық жастар ұйымдарының іс-шараларына диаспора өкілдерін қатыстыру, өзара біріккен жұмыс жоспарын құрып, бірлесе жұмыс істеу мәселесі талқыланады. «Қазақ елі» жастар клубы жұмысының жоспары бекітіледі. 

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала