Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Франция, Түркия, Иран, Қырғызстан, Қытай, Моңғолияда тұратын қазақтардың балалары Қазақстанға келді

Бурабайда 12-17 жастағы шетелдегі қазақ балаларына арналған жазғы лагерь ашылды. «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мұрындық болған шараның ашылу салтанаты бүгін өтті.

«Отандастар қорының» баспасөз қызметінен хабарлағандай, лагерь Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучье көлінің оңтүстік шығыс жағалауында орналасқан «IQanat High School of Burabay» мектебінің базасында ұйымдастырылған.

«Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының тұжырымдамасына сай талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым құндылықтарына негізделген бұл лагерьге Франция, Түркия, Иран, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Ресейден 84 қазақ баласы келіп қатысуда. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық болмысы, салт-дәстүр, өнері мен заманауи білім, ғылым тенденцияларын оның ішінде STEM, робототехника, кәсіпкерлік, жобаларды басқару дағдылары ұштастырған», - делінген Қордың баспасөз баянында.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала