Валюта бағамы
USD - 476.22
EUR - 490.15
RUB - 7.81

ЕКІ АПТАДА ЕКІ АЛТЫН

Көріністер: 1090

Шетелдегі қандастар арасында қара үзіп жүрген талай талант бар. Солардың бірі Моңғолия елінде тұратын жас палуан — Серік Бердімұратұлы. Қазақстандағы жарыстарға жиі қатысып, жарқырап көрініп келе жатқан спортшыны мұқым қазақ жақсы таниды. Енді міне, KAZNEWS.MN сайтының жазуынша, бүгін Улаанбаатар қаласында самбодан ересектер арасында өткен Моңғолия біріншілігінде өз салмағында чемпион атанған.

Өткен апта ғана дзюдо күресінен Сэлэнгэ аймағының Сүхбаатар қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы өткен Моңғолия  чемпионатында 100 келі салмақта белдескен Серік Бердімұратұлы қарсылас шыдатпай алтын медаль алған болатын. Серік Бердімұратұлы жартылай финалда 2017, 2018 жылғы ел чемпионы Г.Алтанабаганадан басым түсіп, финалдық кездесуде қарсыласы Д.Цэрэннямды аяқтан іліп шалу əдісі бойынша вазари ұпайымен жеңген еді. Ал бүгін міне, самбодан Моңғолия чемпионы атанды. Естеріңізге сала кетсек, Серік Бердімұратұлы самбодан ересектер арасында үшінші рет ел чемпионы атанып отыр. Ол, бұған дейін 2014, 2017 жылдары чемпион болған еді. Ал дзюдо күресі бойынша Серік Бердімұратұлы 100 келі салмақ бойынша ел біріншілігінің 2017 жылы қола жүлдесіне ие болған болатын. Осылайша, ол Баян-Өлгий спорт тарихында алғаш рет дзюдодан ересектер арасында Ел чемпионы атанды. Екі аптада екі салмақ бойынша Моңғолия чемпионы атанған қазақ баласына әзірше тең келер қарсылас жоқ.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала