Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

Бір мыңнан астам қазақстандықтың 8-ден көп баласы бар

Қазақстанда дүниеге бала әкелетін ананың орташа жасы — 29. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

Бала туудың негізгі үлесі 25-29 аралығындағы әйелдерге тиесілі — 29%, 30-34 жас аралығындағыларда — 26%.

20 жасқа дейінгі әйелдер өткен жылы 12,6 мың бала, 50 жастан асқандар 96 баланы дүниеге әкелген. Бұл ретте ананың орташа жасы 2023 жылы 29,7 жасты құрады.

Дүниеге келгендердің 23% — отбасында екінші бала.

Отбасында сегізінші бала болғандардың саны 1 мыңнан астам.

Егіз саны — 4 075.

Үшем — 48 (2022 жылы — 50), төртем — 1.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала