Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

«Таза Қазақстан»: Шымкентте бірқатар шара өтті

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ»  апталығы өтуде. Апталық барысында көптеген іс‑шаралар ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Ulys.

Таңертеңнен басталған апталық аясында  қаладағы «Абай саябағында» «Ұрпақтар сабақтастығы» атауымен ата мен немерелерінің тазалық акциясына қатысуы жүзеге асты. Осындай үлгі мен даналықты дәріптеп, кейінгі жас ұрпақтың бойында табиғатқа, қоршаған ортаға деген жанашырлық, қамқорлық сезімдерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бұл іс‑шараға қаладағы бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлері - О.Рахманбердиев, Ш.Мырзахметов, К.Төлебаев, Б.Тұрғараев, Қ.Сыздықов, қаланың ардақты ардагерлері атсалысты. Жалпы «Ұрпақтар сабақтастығы» акциясына 500‑ге жуық адам қатысып, саябақтың тазалығына ерекше үлестерін қосты.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкентте көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін «Өнегелі ұрпақ» апталығына орай немерелерімізбен бірге саябаққа келіп, тазалық жұмыстарына қатысып жатырмыз. Өсіп келе жатқан балаларымызға, жастарға өнеге үлгі болсын деп атсалысып жатырмыз. Ал жастарымыз үлкендерге, қарияларға, ардагерлерге көмек көрсетіп, игі істермен айналысуда. Осыған үлкен алғысымды білдіремін, - деді О.Рахманбердиев.

Жалпы «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Шымкентте қариялар мен ардагерлер үйін тазалау, шөптерді ору, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіліп, құрмет көрсетілуде.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала