Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

Алматыда өтіп жатқан экологиялық акцияны танымал тұлғалар қолдады

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulys.

Аталған акцияға тұрғындармен бірге өнер және қоғам қайраткерлері қатысып, өздерінің азаматтық борышын орындады.

Экологиялық шараны қолдағандар арасында Халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, композитор, Алтынбек Қоразбаев, «Алматы әуендері» КМҚК ұжымы, әншілер Толқын Забирова, Абай Беген, эколог Мэлс Елеусізов және өзге де танымал тұлғалар бар. Олар алматылықтарды табиғатты аялауға және қалада тазалықты сақтауға бағытталған шараларға қатысуға шақырып жатты.

Акция аясында 300 алма ағашы, 200 қарағаш отырғызылды.

Айта кетсек, бұл жоба 1 ай бойы, яғни 8 мамырға дейін жалғасады.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала