Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

РЕСЕЙДІҢ ЕКІ АУДАНЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТАТЫН КАБИНЕТТЕР АШЫЛДЫ

«Отандастар» қоры мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ағарту көкжиегін кеңейтуде. Атап айтқана, Ресей Федерациясы Астрахань облысына қарасты екі ауданда қазақ тілін оқытатын кабинеттер ашты.

 

«Отандастар» қоры баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Никита Ысқақов атындағы Семибугорен орта мектебі» муниципалды қазыналық жалпы білім беру мекемесі қазақ тіліне арнап жеке кабинет бөлді. Ол кабинетте қазақтың ұлттық мәдениеті, өнері, әдебиеті, тұрмыстық бұйымдарымен танысуға болады. Қор өкілі Сәби Түйтебеков аталған кабинетке Қазақстаннан арнайы әкелінген сыйлық-Қастерлі қалам кітабын сыйлады. Кабинет Отандастар Қорынан телевизор, бейнекамера, ноутбуктар тәрізді құнды сыйлықтар жеткізілгеннен кейін ашылады. Мектеп директоры Римма Ибрагимова Қазақстаннан арнайы келген қонақты ыстық ықыласпен қарсы алып, қандастарға қамқорлығы үшін Қор мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығына алғыс айтты.

Екінші кабинет Володар ауданы Калинин ауылында ашылады. Академик Ережеп Мәмбетқазиев атындағы Калинин орта мектебінің директоры Арман Нұрлиевтың айтуынша, қазақ тілі кабинеті Қор сыйлаған ең заманауи жабдықтармен жабдықталады.

Ресми дерек бойынша, Астрахань облысында өмір сүретін 160 мың этникалық қазақтың басым бөлігі ауылдық жерлерде тұрады. Мәселен, Калинин ауылы тұрғындарының 99,9 пайызы қазақ. Олар ұлттық салт-дәстүрді сақтау үшін барлық мүмкіндікті пайдалануда. Қордың аталған ауыл мектебінде қазақ тілі кабинетін ашуы шет елдегі қандастарымызды тарихи Отанымен бұрынғыдан да жақындастыратынына сенім мол.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала