Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Қазір туристер шынайы көрініс үшін қомақты ақша төлеуге дайын - Алмас Таңғытұлы

Қазақстанда жақсы дамып келе жатқан туристік бағыт - ауылдық туризм немесе «агротуризм». Туризмнің мұндай түрін қаланың қарбалас өмірінен шаршап, бір сәт табиғат аясында тыныш әрі табиғи тамақ ішіп содан ләззат алғысы келетіндер таңдайды.  Мұндай туристер саны жыл сайын артып келеді және олар осы туристік бағыт үшін қомақты ақша төлеуге дайын.

Бұл бағытта Агро және ауылдық туризм қауымдастығы көп жұмыстар атқарып, осы аталған бағыттың елімізде қанат жаюына зор үлес қосып келеді.

Еліміздегі түрлі этноауылдар да агротуризмнің бір бөлігі деуге болады. Олардың мақсаты – қазақ даласының тұрмысы мен салт-дәстүрімен таныстыру.

Осындай этоауылдың бірі Қостанай облысы, Рудный қаласында орналасқан. Сол жерде Алмат Сабырұлы шұбат өндірумен айналысып, түйе және ірі қара баптау этно-фермасын дамытуға үлесін қосуда. Сонымен қатар, басқада сүт өнімдерін өңдеп, нарыққа шығарады. Ферма барлық жыл мезгілінде туристтерді күтуге дайын. Келген туристер түйелерді тамақтандырып және олармен серуендей алады. Міне, осылай кәсіпкер өзінің кәсібін туризмге айналдыра отырып тағы да табыс табуда.

Фото: Агро және ауылдық туризм қауымдастығы

Сапалы әрі табиғи өнім табу қиын. Ал осы сияқты этно-фермаға туристер келіп, табиғи тағамдардың дәмін тата алады.  Осы сияқты жұмыс жасайтын кәсіпкерлер бар, бірақ аса көп деп айта алмаймыз. Ол туралы Агро және ауылдық туризм қауымдастығы төрағасының орынбасары Алмас Таңғытұлы бүй дейді.

«Қазақстанның агротуризімді дамытуға мүмкіндігі мен әлеуеті жеткілікті. Бірақ бізде оның бағыттары мен механизмдері әлі дұрыс жолға қойылмай келеді. Қазір адамдар жасанды дүние мен қоспасы бар тамақтан шаршады. Бояусыз өмір мен қоспасыз табиғи тамақ ішкісі келеді. Ол үшін қомақты қаржы да төлеуге дайын. Ал табиғи тамақтың жасалуын өз көзімен көргісі келетіндер бар. Мәселен, Грузияда көптеген ауылдар туризм ордасы болып кеткен. Грузиндер наны мен лавашын немесе грузин шарабын жасап жатқан жерге туристерді әкеліп дегустациясын жасап-ақ та, қыруар ақшасын тауып отыр. Алысқа бармай-ақ Беларусьте де сондай мүмкіндіктерге жол ашылған. Қазақстанның бұл бағыттағы әлеуеті Грузия мен Беларусьтен артық болмаса кем емес», - дейді Алмас Таңғытұлы Ulys тілшісіне.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала