Валюта бағамы
USD - 476.22
EUR - 490.15
RUB - 7.81

ҒАБИДУЛЛА ОСПАНҚҰЛОВ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Көріністер: 84

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Оспанқұлов Ғабидулла Абдуллаұлы Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды. 

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, Ғабидулла Оспанқұлов 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазақстан-Ресей университетін, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Бирмингем университетін (Ұлыбритания) бітірген. Түрлі жылдары ҚР Парламентінде, Президент Әкімшілігінде, Екібастұз қаласының әкімдігінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінде жұмыс істеді. 

2013 жылдан 2017 жыл аралығында Жастар ісі комитетін басқарды, ҚР БҒМ Жастар саясаты департаментінің директоры болды, ҚР Дін және азаматтық қоғам істері министрлігінде жұмыс істеді. 

2017 жылдың қазан айынан 2019 жылдың тамыз айы аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметінде болды. 2019 жылдың тамыз айынан желтоқсан айы аралығында - «Nur Otan» партиясының хатшысы ретінде жұмыс істеген

 

Сурет  primeminister.kz сайтынан алынды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала