Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Батутты гимнастикадан қазақстандық Олимпиадаға жолдама жеңіп алды

Батутты гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Данил Мұсабаев Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Мұсабаевтың 2023 жылы Португалияда (9-орын) және АҚШ-та (20-орын) өткен әлем кубогі кезеңдеріндегі нәтижесі есепке алынды. 

Олимпиадаға лицензия алу үшін жыл бойы өткен әлем кубогі кезеңдерінің ішіндегі екі үздік нәтиже таңдалады. 

Германияның Котбус қаласында аяқталған әлем кубогінде Мұсабаев финалға өте алмай, 47-орында қалды.

Айта кетелік, батутты гимнастикадан Олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталды. Парижде 16 ер адам мен 16 әйел адам сынға түседі. 

Қазақстан жалпы есепте 14-орында тұр. 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала