Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

Ұлттық ойынды шетелдіктерге насихаттап жүрген федерация

2016 жылы наурыз айында Астана қаласының «Асық ойыны» федерациясы» қоғамдық бірлестігі құрылды. Федарация бүгінде ауыз толтырып айтарлық жұмыстар жасауда.  Аталған қоғамдық бірлестік президенті Ескендір Рахметов Ulys тілшісіне өзі басқаратын ұйымның жұмыстары туралы айтып берді.

«2016-2023 жылдар аралығында асық спортынан түрлі халықаралық, республикалық және қалалық ойындар өткізілді. Осы шаралардың басы-қасында Астана қаласы асық федерациясы жүрді. Астана федерациясы ЭКСПО-17  көрмесі аясында 3 ай бойы әлемнің түрлі елдерінен келген қонақтарға ұлттық ойынды көрсетіп, оның насихатталуына қоғамты үлес қостық. Бұдан бөлек 2022 жылы желтоқсан айында тұңғыш рет асық спортынан Азия чемпионатын өткізуге бірден-бір мұрындық болдық»,- дейді Ескендір Рахметов.

 

Қоғамдық бірлестіктің басшысы қазір мектептерде, балабақшаларда ұлттық спортты насихаттау кең ауқым алғанын және оның жас ұрпақ арасында танымалдыққа ие бола бастағанын айтты.

"2023 жылы қыркүйек айында VI ұлттық спорт түрлері фестивалі өтті. Сол жерде федерация тарапынан көптеген ауқымды жұмыстар ұйымдастырылды. Көптеген жасөспірімдердің асыққа деген қызығушылығы оянды. Одан бөлек Оқу-ағарту министрлігі қолдауымен де біраз жұмыстар тындырдық. Мәселен, 2016 жылы Ұлттық дене тәрбиесі практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Алтын сақа» тұңғы турирінің жалауы көтерілді. Астана қаласында 9-11 сынып оқушылар арасында Ұлттық мектеп лигасынының жарысы өтті. Оны біздің федерация ұйымдастырды. 18 өңірден келген командалар қатысқа шара ресбуликалық маштабты құрады. 2023 жылы Оқу министрлігінің бастамасымен ұлттық ойынды насихаттау барысында «Алтын сақа» спорттық челленджі өтті. Оған 3,5 млн-нан аса бала қатысты. Алтын сақадан  тұңғыш рет олимпиада өткіздік. Осы істердің басы-қасында тағы біздің федерация мамандары жүрді",- дейді бірлестік басшысы.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала