Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Шорт-тректен әлем чемпионаты: Денис Никиша тарихи медаль алды

Қазақстандық Денис Никиша шорт-тректен Роттердам қаласында (Нидерланд) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.

Қазақстандық шорт-трекші оң жамбасына келетін 500 метр қашықтықта 41.676 нәтижемен мәре сызығын екінші болып қиды. Қытайлық Сяоцзюнь Лин 41.592 көрсеткішпен әлем чемпионы атанса, канадалық Джордан Пьер-Жиль (52.289) үздік үштікті түйіндеді. 

Жарыс барысында үш бірдей шорттрекші құлап қалды. 

Денис қазақстандықтар арасынан әлем чемпионатында жүлде алған алғашқы шорттрекші атанып отыр.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала