Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Тіл дауы: Ресейлік журналист ҚР СІМ өкілін Мәскеуге шақырды

Ресейлік тележурналист Тина Канделаки әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанда бірнеше теміржол стансасының атауы өзгеруін орыс тілінің аясын тарылту деп пікір білдірген болатын.  Бұл желіде қазақстандықтардың ашу-ызасын туғызды.

Бұған Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров пікір білдірді.

«Көрші елдегі азаматтар, өз достарымыздың біздің ел туралы бейхабар екені адамды кішкене өкпелетеді. Өйткені олардың біз туралы ақпараты дұрыс емес. Біздің елге келіп қалай өмір сүріп жатқанымызды өз көзімен көрсін. Ойдан шығарып жаза бергенше, әлеуметтік желіде қырылысқанша одан да өзіміздің жұмысымызды одан әрі қарай жалғастырайық», — деді СІМ ресми өкілі.

Сонымен қатар Айбек Смадияров Тина Канделакидің Қазақстанға кіре алмайтынын айтты.

Кейін ресейлік журналист өзінің Telegram парақшасында Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровты ресейге шақырды, оған қарата жазба қалдырды

«Құрметті Айбек Серікбайұлы! Сіздің мен туралы айтқаныңыз туралы оқыдым. Мен біздің қарым-қатынасымызды жалғастырғым келеді,  сізді Ресейге шақырамын. Біздің халқымызды көп нәрсені біріктіретініне сенімдімін. Енді бұл туралы толығырақ айтып өтсем: 

Әрине, әңгімені менің отаным Мәскеуде Абай Құнанбаев ескерткіші тұрған Чистопрудный бульвардан бастау керек деп ойлаймын. Сіздерге, барлық қазақтарға ол жай Абай деген атпен танымал. Ал бізге — орыс тілі мен мәдениетін білу әлемнің қазынасының кілті екенін айтқан адам ретінде танымал.
Енді Мәскеу облысындағы, ғылыми элита қаласы Зеленоградқа көшейік. Оның тұжырымдамасын тағы бір атақты қазақ — сәулетші Тотан Күзембаев әзірледі. Ресейде ол сәулет өнерінің алғашқылары болып саналады. Оның жұмысы «Никола-Ленивце» фильмінде тұр. Сәулетшінің жобалаған үйлері әртүрлі елдерде бар. Бұл орыс мәдениетіне енген таланттың дәлелі емес пе? Биылғы жазда Щусев атындағы сәулет мұражайында көрме осы кісіге арналды. Сонымен қатар Мәскеуде ең танымал әртістердің қатарында қазақтар: Азамат Мұсағалиев пен Нұрлан Сабуров бар екенін айта кету қажет,- деді Тина Канделаки.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала