Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Қытайдың Қазақстанмен байланысты шендісі пара алған

CNPC (China National Petroleum Corporation) корпорациясының бұрынғы вице-президенті Сюй ВЭНЬЖУН «пара алды» деген күдікпен ұсталған. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлады.

Мұнай өндіретін аса ірі корпорацияның бұрынғы вице-президентінің ісін Қытайдың қадағалау комитеті тергеп-тексеріп жатыр. Вэньжунның үстінен іс қозғалып қана қоймай, Коммунистік партиядан да шығарылған және дүние-мүлкі мен ақшасы тәркіленген.

Веньжун 2016-2020 жылдары CNPC корпорациясында директорлар кеңесінің мүшесі болды. Осы мерзім аралығында ол Қазақстанға бірнеше мәрте келіп, кен орындарын аралаған.

Айта кетейік, CNPC Қазақстанда 1997 жылдан бері жұмыс істейді. 20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстанның мұнай-газ өндірісіне 45,7 млрд доллар инвестиция салған. Қазір Қазақстанда CNPC-тің қатысуымен жеті мұнай өндіру жобасы, екі мұнай құбырын тарту жобасы жасалып, мұнай өңдейтін және үлкен диаметрлі құрыш құбырлар шығаратын зауыт жұмыс істеп жатыр.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала