Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Қытайда су тасқыны болып, 11 адам жоғалып кетті

Қытайдың Гуандун провинциясы нөсер жауыннан кейін су астында қалды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Гуандун провинциясының су ресурстары басқармасының хабарлауынша, жексенбі күні сағат 16.00-де провинциядағы 24 өзеннің 38 гидрологиялық станциясындағы су деңгейі ескерту деңгейінен асып кеткен.

Толассыз және ұзаққа созылған жауын-шашын салдарынан Бейцзян өзенінің төменгі ағысында су деңгейі күрт көтерілген.

Соңғы мәлімет бойынша, Қытайдың Гуандун провинциясында толассыз жауған жауын салдарынан 11 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Үйлер мен жолды су шайып кеткен.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала