Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

УKРАИНАДАҒЫ СОҒЫС

24 ақпанда Путин Донбаста арнайы операция бастауға бұйрық берді. Сол күні таңға жақын Украинаның кейбір қалаларында жарылыс болғаны хабарланды. Соғыстың болып жатқанына 8 күн болды.

Әлемнің көптеген елдері украин халқымен бірге Ресей басқыншылғына қарсы тұрды.

Украинадағы басқыншылыққа қарсы қанды соғыс жалғасып жатыр. Қазіргі кезде қаза болғандар саны күн санап өсуде. Оның нақты айту қиын. Қаза болғандар арасында әскерилермен бірге, бейбіт тұрғындар мен балалар бар.

Күн сайын Украинаның ондаған аймағында әуе дабылы қағылады. Киев, Харьков секілді бірқатар қалаға шабуыл жасалды. Қаланың көптеген инфрақұрылымы бүлінді, тұрғын үйлер қирап қалды.

Қазіргі кезде Украинаның көптеген қалалары қоршауда қалған. Азық-түлік және қажетті заттар қоры таусылған. Мұны екі тарап та растап отыр.

Украина мен Ресей тарапынан да қаза тапқандар көп. Украина Ресейдің 9 мың сарбазын жер жастандырдық деп отыр. Ал Ресей тарапы шығын бар деп нақты цифрды айтпай келді. Тек 2 наурызда ғана Ресей қорғаныс министрлігі алғаш рет қаза тапқан сарбаздарының санын айтты. Ресми таратқан мәлімет бойынша, Украинада 498 ресейлік сарбаз опат болып, 1957 сарбаз жарақат алған.

Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің бірінші және екінші раунды Беларусь аумағында өтті. Бірақ нәтижесі жоқ. Тек кеше өткен келіссөздердің екінші кезеңінде тараптар гумманитарлық дәліз ашуға келісім жасаған.

БҰҰ соғыс басталғалы Украинадан 1 миллионға жуық адам шетелге бас сауғалап кеткенін айтты.

Әлемнің дамыған елдері Ресейге жан-жақтан санкция салып жатыр. Көптеген елдер әуе қатынасын тоқтатты. Ресей рублі тарихта болмаған жағдайда құнсыздануда.

Сонымен қатар Украинаға ядролық қауіп туды. Бүгін таңда Ресей әскері Запорожье атом электр станциясын атқылағаннан кейін станциядағы энергоблок пен оқу-жаттығу корпусында өрт басталған. Украина төтенше жағдай қызметі үшінші энергоблоктың біртұтас энергожүйеден ажыратылғанын хабарлады.

Айта кетсек, Запорожье атом электр станциясы Еуропадағы ең ірі станция болып саналады.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала