Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

«БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІНЕ 100 ИДЕЯ» КІТАБЫ ҚАЗАҚША АУДАРЫЛДЫ

Ұлттық аударма бюросы жаңа оқу жылы қарсаңында   оқытушылар қауымын қуантты. Атап айтқанда, Рэйчел Оррдың “Бастауыш мектеп мұғаліміне 100 идея” (100 Ideas for Primary Teachers) атты еңбегі мен Доминик Уайзхдың “Бастауыш мектеп мұғалімі. Ұстанымдары мен қағидалары” (Dominic Wyse, Becoming Primary School teacher) кітабы  Оралдағы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогика коллежінде таныстырылып, алғашқы даналары аталған оқ орнының  кітапханасына тарту етілген.  

Ұлттық аударма бюросы  жоғарыдағы оқу құралдарын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ұсынысы бойынша  ағылшын тілінен қазақ/орыс тілдеріне аудару жұмысын үйлестірген. Ұлттық аударма бюросының фейсбук парақшасында аталған құнды кітаптар туралы төмендегідей мәліметтер берілген.   

1️⃣ «Бастауыш мектеп мұғаліміне 100 идея: саралап оқыту» (100 Ideas for Primary Teachers: Differentiation) – әлемге танымал әдіскер-маман Рэйчел Оррдың жеке кәсіби ізденісі нәтижесінде туып, әріптестерінің тәжірибесі негізінде сыннан өткен инновациялық маңызы жоғары 100 идея ұсынылған жинақ. Саралап оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу белсенділігін арттыруға, білім сапасын көтеруге бағытталған бұл идеялар ішкі мазмұны мен ұйымдастырылу әдістеріне орай 10 бөлімге топтастырылып берілген. Оқу құралы жаңа бағытта ізденуді мақсат ететін педагог қауымға, сондай-ақ, ізденушілер мен студенттерге арналған.

2️⃣ «Бастауыш мектеп мұғалімі болу: ұстанымдары мен қағидалары» (Becoming a Primary School Teacher) – британдық ғалым-оқытушы Доминик Уайздың педагогика саласына қадам басқан студенттер мен жас мамандарға арналған таптырмас көмекші құралы. Білікті, білімді, тәжірибелі ұстаз болып қалыптасуға қажет дұрыс бағыт-бағдар беретін бірден-бір оқулық. Бұл оқу құралы оқушылар мен ата-аналар қарым-қатынасы, қиын балалармен жұмысқа қатысты сұрақтардың жауабын береді. Сонымен қатар, білім беруге қажет құжаттармен таныстырып, олармен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін үйретеді. Мұғалімге тән білім, білік дағдыларын дамытуға бағытталған.

Суреттер Ұлттық аударма бюросының фейсбук парақшасынан алынды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала