Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

Мүгедектігі бар сайлаушылардың құқығын қорғау басты назарда

Қазақстан беделді халықаралық сайлау ұйымдардың белсенді мүшесі болғандықтан Халықаралық сайлау талаптарымен тікелей байланыста жұмыс жасайды. Орталық сайлау комиссиясы беделді әлемдік ұйымдардың ұсыныс, пікірлерін үнемі назарда ұстап отырады.

Елдегі барлық дерлік сайлаулар ҚР ұлттық заңнамасына және Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясына (1948 ж.), Халықаралық азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіге (1966 ж.), ЕҚЫҰ Копенгаген кеңесінің құжатына (1990 ж.) енгізілген демократиялық сайлаудың жалпыға бірдей танымал принциптеріне сәйкес өтіп келеді. Бұл айнымас қағида деуге болады.

Халықаралық ұйым талаптарының ішінде мүгедектігі бар азаматтардың сайауға қатысу құқығының сақталуы. Соңғы статистикалық мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда 700 мыңнан аса мүгедектігі бар азаматтар тұрады. Әртүрлі деңгейдегі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау  құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету халықаралық ұйымның басты талаптарының бірі болып келеді. ҚР ОСК осы бағыттағы жұмыстарды жыл өткен сайын сапалы әрі жан-жақты етуге шаралар қабылдауда.

Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылдың 29 маусымында сайлау тәжірибесінде алғаш рет «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Атап айтқанда:

–учаскелік сайлау комиссиялары мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау құқықтарын жүзеге асыру үшін қажетті шаралар жасауын қарастырады;

–дауыс беретін бөлмені жабдықтау кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар болып табылатын сайлаушыларға кедергісіз қолжетімлік пен онда дауыс беру қамтамасыз ету қарастырылған;

–жергілікті атқарушы органдар сайлау комиссияларына мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету шараларына жәрдемдесуге міндетті екені қарастырылған. Бұл мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта қалыптастырудағы алғашқы нақты қадам болды деп шегелеп айтуға болады.

Соңғы өткен Президент сайлауында Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы құрылып, оның жаңа құрамын бекітілді. Жұмыс тобының құрамына 19 адам, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар қоғамдық бірлесіктерінің 17-і өкілі кірді.

Жергілікті атқарушы органдар ұсынған деректерге сәйкес, соңғы уақытта сайлау учаскелерінің 92 пайызы пандустармен, 82,3 пайызы ғимаратқа кіре берістегі тактильді белгімен қамтамасыз етілген.

Бұған қоса Қазақстандағы сайлау науқанына мүгедектігі бар адамдардың да белсенді қатысуын қамтамасыз етуге үлес қосатын қоғамдық ұйымдар бар. Олардың атқарып отырған жұмыстары да ауқымды. «Еркіндік қанаты» қоғамдық қоры мүгедектігі бар жандардың сайлау құқығының жүзеге асу мәселелері осы санаттағы азаматтардың мемлекеттегі қоғамдық және саяси өмірге қатысуына ат салысып жүр.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала