Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

Әкімдер сайлауы ел үмітін ақтады ма?

Әкімдерді халықтың дауыс беруі арқылы іріктеу туралы бастамалар 2000 жылдардың басынан бері айтылып келе жатқаны белгілі. Бірақ сол бастамалар пилоттық негізде қолға алынып кейін аяқсыз қалған болатын. Елдің саяси жаңғыруына әсері ықпалды реформа араға 20 жыл салып барып қайта қолға алынды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған саяси реформалар пакетінде әкімдер сайлауы үнемі басым бағыттағы өзгеріс ретінде көрініс тауып келеді. Соның арқасында әуелі ауылдар  мен ауылдық округ әкімдері сайлау арқылы іріктелген болатын. Бұл пилоттық жоба өз-өзін ақтағандықтан келесі кезек аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдеріне келген. Бұл деңгейдегі басшылар да әуелі пилоттық жоба аясында сайлауға түсіп көрді.

Сонымен ауыл әкімдерін тікелей сайлау арқылы 1900-ден астам ауыл округында сайлау өткен. Осылайша ауыл әкімдерінің 60 пайызға жуығы жаңарды. Олардың арасында халықтың таңдауы өзіне бекер түспегенін ісімен дәлелдеп үлгергендері де бар.  Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі осы сөзімізге дәлел.

Нұрбұлақ-Шаян тасжолында «Жигули» көлігі арыны қатты тасқынға үлкен жылдамдықпен қойып кеткен. Су әкеткен көлік біраз ағып барып, тасқа тіреліп қалады. Осы кезде көліктегілер жергілікті әкімдікке хабар беріп үлгереді. Әкім қасына қоластындағы мамандарды ертіп оқиға орнына барғанда «Жигули» иесі жағаға шығып үлгерген еді. Көлік төбесінде отырған 14 жастағы бала мен жүкті әйелді су ортасынан алып шығу үшін әкім беліне арқан бойлап суға түседі. Осылайша жерлестерін құтқарған әкім өз сайлаушыларының алғысына бөленген болатын.

2023 жылдың күзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев енді аудан әкімдері мен облыстық деңгейдегі қала басшыларын пилоттық режимде сайлау басталатынын айтты. Көп ұзамай жергілікті мәслихаттар әкімі сайлау арқылы бекітілетін 42 аудан мен облыстық деңгейдегі 3 қаланың тізімін жасаған.

Әкімдер сайлауының бұл кезеңінде 1553 сайлау комиссиясы жұмысқа тартылды. Оның ішінде 17 облыстық, 3 қалалық, 42 аудандық, 1491 учаскелік сайлау комиссиясы бар.

Сайлау өткен аумақтардың бәрінде үміткерлер саны екіден кем болмады. 42 аудан мен үш қаланың әкімі болуға ұзын саны 125 кандидат ниет білдірген болатын. Өз басшыларын сайлау арқылы таңдауға жергілікті халықтың 62,79 %-ы атсалысқан. Орталық сайлау комиссиясының ресми дерегі осылай дейді. Сайланған әкімдердің  орташа жасы 46,7 жас болғанын да айта кету керек.

Аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерінің сайлауы елдегі 17 өңірдің 15-ін қамтыды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала