Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

4 ауғанстандық пара беріп Қазақстан арқылы  Еуропаға өтпек болған

Ауғанстан азаматтары Қазақстан арқылы Ресейге және одан әрі Еуропаға өтпек болған. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі қызметі хабарлады.

Ауғанстандықтар лауазымды тұлғаға 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру әрекеті кезінде Ауғанстанның 4 азаматы ұсталды.

Тергеу материалдарына сәйкес, бұл қаражат шетелдіктерді Испания мен Португалияның жалған төлқұжаттары бойынша Алматы қаласының халықаралық әуежайы арқылы тасымалдауды ұйымдастыруға арналған.

Қылмыстық кодекстің 394-бабының 1-бөлігінде және 367-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

«Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», - делінген хабарламада.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала