Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Жарнамалық пост жазатын блогерлерге талап күшейтілді

Елімізде Онлайн жарнаманы таңбалау қағидалары бекітілді. Енді блогер қауым қандай да бір тапсырыс алып, жарнама жазса, посттарының соңына «жарнама», «жарнамалық материал» деп белгі қоюы міндетті, деп хабарлайды Ulys.

Бұл туралы  блогер Оңқар Қабден желідегі парақшасында жазды.

«Онлайн-жарнаманы таңбалау қағидаларын бекіту туралы бұйрық жарияланыпты. Енді блогер қауым қандай да бір тапсырыс алып, жарнама жазса, посттарының соңына «жарнама», «жарнамалық материал» деп тайға таңба басқандай белгі қоюы міндетті.

Сонда сіз оқырманды, аудиторияны алдамайсыз. Бір кафеге кіріп, тегін тамақ жесеңіз де, «кафе демеуші болғанын» түртіп қою міндетті. Сонда сіз парақшаңызды оқитын жамағатты алдамайсыз.

Жалпы, бағыт дұрыс. Бір-бірімізді алдамайтын ел болуымыз керек. Бірақ сұрақ та көп. Мысалы, блогер, тапсырыс алып, жарнама деп жазбай кетсе не болады? Оны жазалай ма? Блогер алған ақысынан салық төлей ме? Барлық постқа, видеоға мониторинг жүргізіле ме? Оны кім жүргізеді?

Бұл сауалдарға ақырын жауаптар табылар. Бірақ осы бағыт кейбір шектен шыққан адамдарға тұсау болатын шығар. Мысалы, соңғы 1 айдан бері Бишімбаевты ақтап жатқан талай пост көрдім. Қазақшасы да, орысшасы да жетіп жатыр. Сонша блогерді сатып алған бұл отбасының ақшасы көп екен. Үнемі заң қайда, құқық қайда? Әкім, министр неге өйтпейді, бүйтпейді дейтін блогерлер де қамаудағы Бишімбаевты ақтауға кірісіп кетті. Қу дүние үшін ар-ұятты сатуға болмас», - Оңғар Қабден.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала