Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Түркістанда жасөспірім қыз телефон үшін көпірден секірмек болды

Кәмелетке толмаған қыз Шымкент-Түркістан бағытындағы көпірден секірмек болды, деп хабарлады Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі.

«Оқиға кешкі сағат 21:00 шамасында болған. Тәртіп сақшылары келген кезде жасөспірім қыз көпірден секіруге ыңғайланып тұрғанын көріп, райынан қайтару үшін онымен тез арада сөйлесу қажет екенін түсінді. Сол сәтте тәртіп сақшысының бірі қолайлы сәтті пайдаланып, бойжеткенді шапшаңдықпен ұстап қалып, қауіпсіз аумаққа алып шықты. Қырағылық пен жедел әрекеттің арқасында полицейлер осылайша 9-сынып оқушысын құтқарып қалды», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, әкесі қызының ұялы телефонын тартып алғандықтан, араларында кикілжің туындап, жасөспірім ойланбастан осы қадамға барған.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала