Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Алматы облысында белгісіз ер адам үйге басып кіріп балаларға шабуыл жасаған

Алматы облысында балаларға шабуыл жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленовтің айтуынша, Жамбыл ауданында балаларға шабуыл жасаған күдікті уақытша қамауға алынды.

"Қазіргі уақытта ол аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды және тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, қамауға алу операциясы Алматы облысының Қарасай ауданында өткен. Тергеу барысы жеке бақылауымда", - деді Әленов.

Айта кетейік Алматы облысында белгісіз ер адам үйге басып кіріп, ондағы балаларға шабуыл жасаған. Оқиға Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінде болған. Ер адам жергілікті тұрғындардың үйіне баса-көктеп кіріп, ондағы кішкентай балаларға күш көрсетіп, ұрып-соғып, тамағына пышақ тақап қорқыта бастаған. Айғайлаған дауысқа көршілері жүгіріп келіп, балалардың аяқ-қолы байланғанын көрген.

Зардап шеккендердің айтуынша, Бақытжан есімді біреу үйге басып кірген.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала