Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Келесі айда 7-9 пайызбен берілетін ипотекалық бағдарлама басталады

Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жаңа тұрғын үй бағдарламасы туралы айтты, деп хабарлайды Ulys.

«Осы жылдың мамыр айында «Отбасы банкі» арқылы берілетін жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады. Ипотекалық несие әлеуметтік осал топтарға 7 пайызбен, қалған санаттағы азаматтар үшін 9 пайызбен беріледі. Алғашқы жарна 20 пайызды құрайды. Механизмдердің негізгі шарттарына тоқталатын болсам. Әкімдіктер жеке құрылыс компанияларынан ауданы 80 шаршы метрді құрайтын жаңа тұрғын үйді сатып алады. Тиісті нормаларды Үкімет қабылдады, мамыр бастап қаржыландыру басталады», - деді Қанат Шарлапаев.

Оның айтуынша тұрғын үй бағдарламасы моноқалалар мен қатар ауылда да қолданысқа енгізіледі.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала