Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Қазақстанда жылына 70 мың жеңіл көлік шығарылмақ

Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов машина жасау саласының бірқатар өндіріс орындарын аралады. Бұл туралы Ulys Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет басшысы жылына 70 мыңға дейін көлік шығаратын Kіа автомобиль зауытының құрылысымен танысты.

Кәсіпорынның бас директоры Ким Де Ки зауытта 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылатынын атап өтті.

Бастапқы кезеңде Sorento, Sportage және Cerato сияқты шағын торапты 3 модель өндірісін жолға қою жоспарланып отыр. Зауытты іске қосу 2025 жылға жоспарланған.

Әлихан Смайылов Үкіметтің экономиканы әртараптандыруға және өңдеу өнеркәсібінде локализациялауды тереңдетуге үлкен көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

«Біз кореялық әріптестерімізді және Қазақстанда осындай ірі инвестициялық жобаның іске асырылуын құптаймыз. Менің білуімше, бұл Еуразия құрлығындағы жалғыз зауыт. Біреуі АҚШ-та, екіншісі осында. Аталған зауыттың қуаттылығын ескерсек, бұл біздің республика үшін өте маңызды жоба», — деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы атап өткендей, бүгінгде отандық машина жасау саласы, оның ішінде автомобиль өнеркәсібі жақсы даму қарқынын көрсетіп отырған. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес елімізде 148 мың автокөлік шығарылды, бұл

«Біз ішкі нарықты әртүрлі автокөлік түрлерімен толықтыру мақсатында ғана емес, сонымен қатар экспортқа шығару үшін де осы серпінді сақтауды жалғастыруымыз керек, бұл біздің одан әрі тұрақты дамуымыз тұрғысынан өте маңызды», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Премьер-Министр жаңа Kіа зауытында шағын торапты құрастыру әдісімен 50 мыңға жуық автокөлік шығарылатынын айтты.

 «Бұл отандық автомобиль өндірісін дамытудағы өте маңызды кезең. Біз бұл жобаның жедел жүзеге асуын толық қолдаймыз», — деді Үкімет басшысы.

Әрі қарай Премьер-Министр Allur зауытында Chevrolet Оnix автокөлігінің өндірістік жоспарымен танысты. Allur компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевтің айтуынша, зауыт толығымен ішкі нарыққа бағдарланған және қолжетімді бағамен автокөліктер шығаратын болады. Сериялық өндіріс көлемі 30 мың бірлік болғанда конвейер жылына 400-ден астам жаңа жұмыс орнын ашады.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала