Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ҚР тұңғыш дербес бітімгершілік контингенті БҰҰ миссияларына қатысады

Парламент қазақстандық әскерилердің БҰҰ миссияларына қатысу туралы Жолдауын мақұлдады. Бұл туралы Ulys Мәжіліске сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кету керек, БҰҰ шақыруы бойынша өзінің әскери техникасымен, қару-жарағымен және мүлкімен резерв ротасы ретінде 139 әскери қызметші санындағы алғашқы дербес ұлттық бітімгершілік контингентін «БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясына (UNDOF, Сирия-Израиль) орналастыру 2024 жылғы наурыздан бастап жоспарланып отыр. Ол үшін тараптардың міндеттемелерін, сондай-ақ контингенттің миссияға қатысуын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін айқындайтын БҰҰ-мен халықаралық шарт жасалатын болады.

Ulys Парамент қабылдаған маңызды құжаттағы негізгі деректерді қысқаша былай түсіндіреді.

  • ҚР тұңғыш дербес бітімгершілік контингенті 2024 жылдың наурыз айынан бастап жіберіледі
  • ҚР тұңғыш дербес бітімгершілік контингенті Голан биіктігінде жіберіледі
  • Қазақстан БҰҰ мен бітімгерлердің алғашқы дербес контингентін жіберу туралы шарт жасасады
  • Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ ның бірнеше миссияларына қатысады
  • 10 жыл ішінде БҰҰ миссияларына 600-ден астам қазақстандық әскери қызметшілер қатысты
  • Жіберілетін әскери контингентте 7 әйел болады және олардың санын болашақта ұлғайту қарастырылған.
  • Қорғаныс министрлігінде БҰҰ миссияларында қанша қазақстандық әскер қызмет ететіндігі туралы хабарлады
  • БҰҰ қазақстандық бітімгерлерді даярлаудың жоғары деңгейін атап өтті
  • Қазақстанның бітімгерлері әскери қақтығыстарда бейбіт шешім іздеуге ықпал етеді

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала