Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

Қазақстандық теннисші әлемнің үшінші ракеткасы болды

Әйелдер теннисі ассоциациясы жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл туралы Sport.kz хабарлады.

Әлемнің бірінші ракеткасы атағын польшалық теннисші Ива ШВЕНТЕК сақтап қалды. Екінші орында беларус қызы Арина СОБОЛЕНКО тұр. Ал біздің Елена РЫБАКИНА америкалық Кору ГАУФФТЫ төртінші орынға ысырып, үшінші орынға көтерілді.

Аустралияның Брисбен қаласында өткен WTA 500 турнирінің финалында Рыбакина Соболенконы жеңген болатын.

Тағы бір теннисші қызымыз Юлия ПУТИНЦЕВА рейтингте 64-орында тұр.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала