Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ БАЛАСЫНА 36 000 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ КИІМ АЛҒАН

Бүгін Үкімет отырысынан кейін оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовті қаумалаған журналистер баласына мектеп формасын алуға қанша қаражат жұмсағанын сұрады. 

 

Министр берген жауабын әлеуметтік желіге де жазды. «Ұлым мемлекеттік мектепте оқиды және оқу жылына басқа ата-аналар сияқты дайындаламыз. Жексенбі күні ұлым екеуіміз «….» дүкенінен 36 000 теңгеге жейде, костюм, шалбар және галстук сатып алдық.

 

Түбіртектен заттардың құнын және оның жалпы сомасын есептеп көруге болады. Сондай-ақ мектеп формасынан бөлек шамамен 20 мың теңгеге портплед сатып алынғанын да байқауға болады. 

 

Жауабымды растау үшін сатып алынған заттардың түбіртектерін қоса салып отырмын.

Бір түбіртекте сома 26 мың теңге (Пиджак. Шалбар. Жейде). Екінші түбіртекте – 10 мың теңгеден жоғары (тағы бір жейде мен галстук). Жалпы сомасы 36 мың теңгеден асады. Портплед шамамен 20 мың теңге.

 

Бұрын сатып алынған мектеп формасы барын да айтқым келеді. Яғни былтырғы киімдерін балам биыл да киеді», -деп жазды. 

Сондай-ақ жазбасында министрліктің 475 мың мұқтаж балаға мектеп формасын сатып алуына қаржылай көмек көрсету шараларын қадағалап отыратынын атап өтті.  «Оқу жылы қарсаңында Үкімет бұл мәселені бақылауға алды. Премьер-министр тиісті тапсырмалар берді», - деді. 

 

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала