Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Ұлттық банкке Ғалымжан Пірматовтің келуі күтпеген тағайындаулардың бірі болды

Ұлттық банкке басшы болып келген Ғалымжан Пірматов кандидатурасы көпшілік үшін күтпеген тағайындаулардың бірі болды.

Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Ерболат Досаев Алматы қаласына әкім болып кеткеннен кейін елдің негізгі қаржы құрылымын кім басқарады деген алып-қашпа әңгіме желдей есіп кетті. Біреулер Досаевтың орнына Астанадағы бес баланың өлімінен кейін жұртқа аса тамыла болып кеткен бұрын Еңбек министрі, кейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы болып отырған Мәдина Әбілқасымова келеді деп болжам жасады. Енді біреулер Досаевтың орнын оның бұрынғы орынбасарларының бірі басуы мүмкін екендігін де айтып, желіні желдей гулетті. Алайда болжамдардың ешқайсысы орындалмады. Ұлттық банкке қаржы саласында беймәлімдеу, қаржы нарығы саласында аса танымал емес тұлғалардың бірі Ғалымжан Пірматов келді.

Ғалымжан Олжаұлы 1972 жылы 24 сәуірде дүниеге келген. Новосібір мемлекеттік университетін, Қазақстанның экономика және болжау менеджменті институтын, Atkinson Graduate School of Management, Willamette University бітірген.

Әр жылдары «Алтын-Тас» БК қаржы директоры, AIG Silk Road Capital Management компаниясының инвестициялар жөніндегі директоры, «Халық банк» АҚ инвестициялық банкинг департаментінің директоры, ҚР экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті, «Cameco Kazakhstan» компаниясының президенті, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2017-2021 жылдары «Қазақ атом өнеркәсібі ҰАК» АҚ басқарма төрағасы болды.

Ғалымжанның кандидатурасы туралы саясаткерлер жарыса жазып жатыр.

«Ғалымжан Пірматовтің кандидатурасы күтпеген әрі жай емес тағайындау болды. Ол Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, БТӘ-де антикризистік командада жұмыстар істеген. Кейін «Қазақ атом өнеркәсібі ҰАК» АҚ-да басшылық етіп IPO табысты жүргізді. Өткен жылы түсініксіз жағдайда аталған компанияның басшылығынан кетіп қалды. Тәжірибелі қаржы маманы. Ал оның «Цеснабанкті» басқарған кіші інісі Бекжан «Назарбаев университеті» сатып алғаннан кейін ол қызметтен кетіп қалды. Қазір «Forte» банктің басқарма төрағасының орынбары болып жұмыс істейді», - деп жазды Данияр Әшімбаев телеграм каналында.

 


 

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала