Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

РЕСЕЙ ҚАЗАҚСТАНҒА 11,6 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ ҚАЙТАРАДЫ

Парламент Сенаты отырысында «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды. Атап айтқанда, 1994 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттама ратификацияланды.

Сенат баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 2017 жылғы 9 қарашада Челябинск қаласында жасалған хаттама Ресей Федерациясы жалға алған жалпы алаңы 11,6 мың гектар жер учаскелерін Қазақстан Республикасына қайтаруды көздейді. Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров атап өткендей, жалға беруден 4 жер учаскесі шығарылады. Оның сөзінше, қайтарылатын жер учаскелері «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін, Алматы-Мәскеу теміржолын салу және «Бейнеу-Шымкент» газ құбырының желілік бөлігі мен Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам ауылын дамыту үшін қайта бөлінеді.

 

Суреттер parlam.kz сайтынан алынды.

 

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала