Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ АҚШ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уильям Х. Мозермен кездесті.

Премьер-Министрдің сайтында жарияланған ақпарға қарағанда, Роман Скляр Елші және дипмиссия өкілдерімен кездесуі барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері, сондай-ақ екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастарын одан әрі нығайтудың перспективалары талқыланды.

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Уильям Х. Мозермен әңгімелесу барысында бүгінде АҚШ Қазақстанның халықаралық аренадағы ең маңызды серіктестерінің бірі болып табылатынын, ал екі ел арасындағы қарым-қатынас көптеген жылдар бойы достық пен өзара түсіністік рухында қалыптасып келе жатқанын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті салаларындағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларға арналған екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады.

Тараптар қарым-қатынастарды дамытудың оң бағытын одан әрі сақтауға және оларды экономикалық, саяси, сондай-ақ әлеуметтік салаларда одан әрі нығайту бойынша барлық күш-жігерін салуға келісті.

 

Сурет ҚР Премьер-Министрінің сайтынан алынды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала