Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

АҚШ пен Ұлыбритания Йемендегі хуситтерге қарсы соғыс ашты

BBC ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ және Ұлыбритания авиациясы мен әскери кемелері 12 қаңтарға қараған түні Йемендегі көтерілісші-хуситтерге соққы жасай бастаған. Иран қолдауына ие хуситтер кейінгі кезде Қызыл теңіздегі сауда кемелеріне шабуылды үдеткен.

 Әлемдік БАҚ-тың жазуынша, соққы ұшақ, су үсті және суасты кемелерінен жасалған. "Томагавк" қанатты зымыраны да пайдаланылған. Радиолокациялық станциялар мен дрондар қоймасына соққы жасалған.
 Бейсенбі күні хуситтердің жетекшісі АҚШ-тың хуситтерге қарсы кез келген шабуылы "жауапсыз қалмайтынын" айтқан.
Айта кетсек, Йеменнің басым бөлігін бақылауда ұстап отырған хуситтер ХАМАС-қа қолдау ретінде аймақтағы теңіз жолдарына шабуылдап жатыр. Хуситтердің шабуылы Еуропа мен Азия арасындағы маңызды сауда бағыттарын бұзған. Түрлі кеме компаниялары аймақтағы жұмысын тоқтатқан.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала