Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ҚАЗАҚСТАН-МАЛАЙЗИЯ ІСКЕРЛІК КЕҢЕСІНІҢ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ

Бүгін Малайзия астанасы Куала-Лумпурда Қазақстанның Малайзиядағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан-Малайзия Іскерлік Кеңесі кеңсесінің ресми ашылуы өтті. Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдарының, даму институттарының сондай-ақ ұлттық және жеке компаниялардың басшылары қатысқан.

Кеңес мүшелері Қазақстан мен Малайзияның іскерлік мүмкіндіктері туралы өзтәжірибелерімен бөлісіп, бизнеске қолдау көрсету, инвестицияларды қорғау және отандық және шетелдік компаниялар үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету үшін қаржы құралдарын жетілдіруге бағытталған Қазақстанның саясатына ерекше назараударды.

Малайзиядағы Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев жиында Куала-Лумпур Қазақстанның Оңтүстік Шығыс Азиядағы негізгі сауда әріптесі екенін атапөтті. 2018 жылдың қорытындысы бойынша, қосмемлекет арасындағы сауда-саттық 4 есеөсіп, шамамен 500 млн. АҚШ долларын құраған. Сондай-ақ, қазіргітаңда, Қазақстанда Малайзиялық компаниялармен және инвесторлармен бірлестікте мұнай-газ, ауылшаруашылық және құрылыс салаларында жалпықұны 1 млрд. АҚШ долларытең болатын жобалар жүзеге асырылыпжатқаны туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, Б.Иманбаев Қазақстан тарапы исламдық қаржыландыру, халал индустрия, электрондық коммерция, туризм, денсаулық сақтау, ақпараттық қауіпсіздік тәрізді басым бағыттар бойынша екі жақты әріптестік тінығайтуға мүдделі екендігін жеткізді.

Бұл ретте Қазақстан-Малайзия Іскерлік Кеңесі төрағаларыДатук Лу Джи мен Дато Берік қазы Сексенбаев исламдық қаржыландыру, халал индустрия, электронды коммерция, туризм, денсаулық сақтау, ақпараттық қауіпсіздік сияқты перспективалы бағыттар бойынша екі жақты ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылық танытты. Олардың пікірінше, Іскерлік кеңес екі жақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың кешенін сұхбат жүргізетін және екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстарды жандандыратын тиімді алаң болып табылады.

Келелі кеңес аяқталғаннан кейін екі елдің іскер топтары инвестициялық және сауда-экономикалық ықпалдастықты одан әрі нығайтуға уағдаласты.

 

 

Суреттер mfa.gov.kz сайтынан алынды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала