Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Моңғолияда жұттан 4 млн-ға жуық мал басы қырылып қалды

Моңғолияда болып жатқан жұттан 3,9 миллионнан астам мал басы құрылып қалды. Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының хатшысы Тувшинсайханы Баярху айтты, деп жазды Синьхуа агенттігі. 

Жергілікті билік бұл жағдайды ақ және темір зуды немесе қыс айындағы жұт деп атаған. 

Ақ және темір зуды – мал басының қар астынан жем таба алмай, аштық пен суықтан қырылатын табиғи апат.

Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігінің мәліметі бойынша, 2023 жылдың соңына қарай Моңғолияда жалпы мал басы 9,1 пайызға азайып, 64,7 миллион басты құрады.

Айта кетейік, мал шаруашылығы Моңғолия экономикасының негізгі саласының бірі. 

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала