Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Ғалымжан Мелдешов Тіл саясаты комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің фейсбук әлуеметтік желісіне жазды. «Достар, бүгін менің бұйрығыммен Мелдешов Ғалымжан Сәрсенбайұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Өткен үш жыл ішінде ол Комитет басшысының орынбасары қызметін атқарып, өз жұмысында жақсы нәтиже көрсетті. Ғалымжан Сәрсенбайұлы - жұмыстың қыр-сыры мен маңызын жетік меңгерген, тәжірибесі мол, тіл саласына жанашырлықпен аянбай еңбек ететін кәсіби жандардың бірі.
Ғалымжан Сәрсенбайұлы, сізді жаңа қызметіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Еңбегіңізге табыс тілеймін!» -делінген онда.

Ғалымжан Мелдешов 1964 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Түрлі жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген: «Түркістан» халықаралық газетінде, «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Маңғыстау Медиа» ЖШС-де басшылық қызметтерді атқарған.

2016–2018 жылдары Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған. 2018 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР МСМ Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала