Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

БЕЛГІЛІ ЖУРНАЛИСТ БЕРІК УӘЛИ ПРЕЗИДЕНТТІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін — Ұлыстың ұлы күні Мемлекет басшысының Өкімімен Берік Уәлиұлы Құрманғали Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды. Ал Айдос Ыдырысұлы Үкібай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметінен босатылды. Еңбек жолын ақпарат саласында бастап, ерте танылған  Берік Уәли кейін мемлекеттік қызметте де мықты басқарушы екенін көрсетті.

Құрманғали Берік Уәлиұлы 1977 жылы туған. 1997 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «кинотанушы», 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «журналистика»,  2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. 1997-2012 жылдар аралығында «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның, «ТАҢ» телекомпаниясының, «НТК» телеарнасының, «31 канал» ЖШС-нің  журналисті, ақпараттық бағдарламаларының редакторы, «Нұр Медиа» ЖШС-нің  жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі, 2012-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары–баспасөз қызметінің басшысы, ішкі саясат және дін істері   басқармасының басшысы, 2015-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі, 2016-2018 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарған. Соңғы қызмет орны: Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы болды.

сурет: Берік Уәлидің twitter желісінен алынды

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала